Қайырымдылық

Балаларға қамқорлық

 

Балаларға “Қызылжар Су” АҚ 6 жыл қатарынан қолдау көрсетуде. Сумен қамтушы кәсіпорын биыл да бұл сүрлеуден жаңылған жоқ. Аталған интернатта қазір 180 бала тәрбиеленіп жатыр. «Қызылжар су» АҚ бүгін балаларға 10 спорттық киімді сыйға тартты. Жалпы, ағымдағы жылы кәсіпорын интернатқа 250 мың теңгеге 22 жаңа кереует сатып әперді. Мереке қарсаңында тәрбиеленушілерді “Севказэнерго” АҚ мен Ресей жинақ банкінің облыстық филиал өкілдері де құттықтап, кеңсе тауарларын табыстады.

 

 

Бану Ахметова