Құрылыс

Мұрағат қоры электрондық форматқа көшірілуде

Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік мұрағат қорында 500 мыңға жуық құжат сақталған. Олардың барлығын сандық үлгідегі форматқа айна-қатесіз бүлдірмей ауыстыру үшін біраз уақыт қажет. Мәселен, 19-20 ғасыр аралығындағы құнды мұралардың көшірмесін жасау күрделірек. Онда 18-ші ғасырда жазылған Абылай ханның өмірбаяны мен Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысты мөр басылған құжаттар, ақын-жазушылар жайлы деректер сақтаулы. Бұл мұндағы барлық құнды материалдың бір парасы ғана.

Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік мұрағатының директоры:
– Көшіру барысында біз үш кезеңнен өтеміз. Яғни, құжаттарды сканерден өткізіп, электрондық форматта образын жасаймыз. Одан кейін сол құжаттарды енгізетін база жасалынады. Кейін осының негізінде тұрғындардан келіп түскен сұраныстар
ға жедел түрде жауап береміз.

Мынау арнайы сканер кітаптарды 0,7 секундтың ішінде көшірмесін жасап, сол уақытта оны серверге сақтап та үлгереді. Ал, мына құрылғы 50 парақты не бары 1 минуттың ішінде көшіріп, лезде автоматты түрде принтерден басып шығарады.
Бұл енді аталмыш мекеме қызметкерлерінің жұмысын едәуір жеңілдетіп отыр. Әрі келушілер үшін де тиім тұстары көп. Олар тек керек құжаттың атауын айтса болғаны, мәлімет компьютерден тез табылады.

Василий Приказчиков, СҚО мемлекеттік мұрағаты ақпараттық-мұрағаттық технологиялар бөлімінің басшысы:
-Көшірме құрылғысынан өткен құнды құжаттарға сандық жеке сәйкестендіру-коды басылады. Оның көмегімен қордан қажетті құжаттың түпнұсқасын тауып алуға болады.

Бұл заманауи жетістікті өңір мұрағаты өзге аймақтардан көш ілгері ендіруде. Мұрағатшылар мұнымен шектелмек емес, алда әлі жетілдіре түсу ойларында бар. Олардың айтуынша, барлық құжатты сандық жүйеге ауыстыру үшін кемінде 5 жыл керек екен.

Берік Қасен