Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы дебат турнирі

 

 

 

Қазақстан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшеді. Бүгінде бұл мәселе халық арасында қызу талқылануда. Солтүстікқазақстандықтар да осы тұрғысында өз ойларын білдірді.

Әсем Сүлейменова, СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы:
Мақсаты дебат ойындарын дамыту. Жастардық пікірін білу. Бұл дебат турнирінде Үкімет яғни, жақтаушы жақ. Және оппозиция даттаушы жақ болады.

Ең алдымен қатысушыларға турнир ережелері түсіндірілді. Кейін әрбір бөлмеде сайыскерлер тақырыпты қызу талқылауға кірісті. Ерғали Зиябек бұл дебатта «латын әліпбиіне ауысу тиімсіз» деген қағиданы ұстанып отыр. Ол өзіне берілген 6 минут ішінде көзқарасын дәлелдеуге тырысты. Оның пікірінше латын қарпіне көшсек, онда барлық ұлттық құнды жәдігерлер тілін, фильмдер мен көркем әдебиет туындыларын да ауыстыру қажет. Ал, ол көп қаржыны талап етеді дейді.

Ерғали Зиябек, Мамлют ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы:
-Қарсымын. Бұл біріншіден қаржының шығындалуына әкеліп соқса, екіншіден халықтың екіге бөлінуіне әкеледі.

«Жазудың күрделілігіне байланысты қазақ тілі қазіргі заманғы құрылғылар мен бағдарламалар жүйесінде кездесе бермейді. Сондықтан, біздің әліпбиде ғана бар әріптердің жазылуын дұрыс беріп, латын әліпбиіне көшсек, онда көп мәселе жеңілдер еді», – дейді Сарман Аязбек. Ол бүгінгі дебат турнирінде жақтаушы жақтың позициясын ұстанды.

Сарман Аязбеков, Уәлиханов ауданы мәдениет үйінің әдіскері:
Қолдаймын. Ол қазіргі заман талаптарына сай. Заманауи шешім болып есептеледі.

 

Кейін, дебатқа қатысушылар естелік сыйлықтармен марапаталады.
Мағжан Ахмадина