Қайырымдылық

Киров атындағы завод көпбалалы отбасыларға материалдық көмек көрсетті

 

Раушан Мүшрауынова – көпбалалы ана. Биылғы оқу жылында оның үш баласы сабаққа барады. Үлкені – орта кәсіптік білім беру ошағының студенті. Уақытын бала тәрбиесіне арнаған ананың мектепке мықтап дайындалуға мүмкіндігі жете бермейді. Бұған немқұрайлық танытпаған “Киров атындағы зауыт” ұжымы көмек қолын созыпты.

Раушан Мүшрауынова,көпбалалы ана:

– Менің 5 балам бар. Үшеуі мектепке барады. Оларды оқуға жинау өте қиын. Киров атындағы зауыт директорының көмегіне алғысымды білдіремін.  

Жалпы зауыттықтар биылғы оқу жылына қамдануға 5 көпбалалы анаға жәрдем жасады. Кемінде әрбір отбасынан үш бала мектепте оқып жүр. Барлығы қажетінше жабдықталды. Әр оқушы керек-жарағын өзі таңдап алыпты. Нұрболат Қадыров – оқу үздігі. 20 мектепте сабағын кілең 5-ке түгендеп жүр. Білім ұясының бетке ұстары салауатты өмір салтын қолдайды. Спорттық жетістіктерімен – қатарластарына үлгі, ата-анасының мақтанышына айналған.

Нұрболат Қадыров, №20 орта мектебінің оқушысы:
– Спортты жақсы көремін. Күрес, футбол, шахмfтпен айналысамын. Сондықтан спорттық киім алдым. Сабағымды да жақсы оқуға тырысамын. Оған керектің бәрінде өзім таңдадым. Үлкен алғысымды білдіремін
.  

“Мектепке жол” игі акциясына атсалысуды жөн санаған кәсіпорын басшылығы негізінен көмекке мұқтаж жанұяларды таңдауға тырысыпты. Қалалық білім бөлімінің кеңесімен қамқорлыққа бірнеше отбасыны алды. Өндіріс ошағы қайырымдылық шарасына 230 мың теңге бағыттаған.
Жиын соңында кәсіпорын ұжымы жеткіншектерге сапалы білім алуларына тілектестігін білдірді.