Қоғам

Іскер әйелдер “Мектепке жол” акциясына қолдау білдірді

 

“Іскер әйелдер” қауымдастығының мүшелері бұл жолғы шара аясында облыс орталығы мен үш ауданның көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 85 оқушыға өздерінің тарту-таралғыларын жасамақ. Аталмыш акция Қонституция және 1-қыркүйек – Білім күндеріне орайластырылған.

 

Бахытжан Сәмиева, «СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы:

-Біздің балаларымыздың білім алуларына барлық жағдай жасалған. Біз де өз кезегімізде оларға қолғабыс жасап, ата-аналарына қол ұшын беруді жөн санадық.

 

“Іскер әйелдер” қауымдастығы «Мектепке жол» республикалық акциясын осымен үшінші мәрте қолдап отыр. Мәселен мына мектеп сөмкелерінің ішінде оқушыға қажетті құрал-жабдықтардың бәрі бар. Осылайша қауымдастық мүшелері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына өзіндік көмек көрсетуде.

 

Ольга Клишина, «СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ мүшесі:

-Бұл жолғы шарамыздың орны ерекше. Ол – балаларды мектепке даярлау. Біз бұдан бөлек қала күнінде туған балаларға да таяуда өз сыйлықтарымызды үлестірдік. Бала – біздің бақытымыз.

 

Аталмыш шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы. Ал оны алғашқы болып қолдағандардың бірі іскер әйелдер қауымдасты.ы

 

Артур Молдағұлов, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Елбасы өз жолдауында өскелең ұрпақ заман талабына сай білім алу керектігін атап көрсеткен болатын. Бірақ оған көбінің жағдайы келе бермейді. Бұл ретте көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларын оқуға даярлауда «Мектепке жол» республикалық акциясы бірнеше жыл жалғасын тауып келеді. Оған сіздер де өз үлестеріңізді қосып отырсыздар. Сіздердің еңбектеріңізге нұротандықтар атынан айтар алғысымыз шексіз.

 

Білім күніне орайластырып, «Іскер әйелдер қауымдастығы» арнайы автошеру ұйымдастырды. Нәзік жандар Есіл, Шал ақын, Тимирязев аудандарының орталықтарында болып, ондағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының бүлдіршіндеріне өз тарту-таралғыларын жасады.

 

Самат Есмағи