Бизнес және экономика

“Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы бойынша жаңа мамандық алуға болады

 

 

Лариса Рябцеваның тігіншілік еңбек өтілі – 15 жыл. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде есепші мамандағын игеруді көздеген ол қайта даярлау курсына жазылыпты. Білімін жетілдіріп жатқанына екінші апта.

 

Лариса Рябцева, даярлық курсынан өтуші:

– Артықшылығы болмайды.Оның үстіне курста оқу тегін. Тәмамдап шығысымен жұмысқа орналасу мүмкіндігіміз бар.

 

Ал, Александр Крючковтың жасы 35-те. Газэлектрдәнекерлеуші мамандығын игеру арманым болатын, оған мемлекеттік бағдарламаның арқасында қол жеткізу мүмкіндігіне ие болдым дейді.

 

Александр Крючков, даярлық курсынан өтуші:

-Өзім үшін оқып-үйреніп жатырмын. Болашақта керек. Мамандық өзіме ұнайды.

 

Қайта даярлау курстарынан облыс орталығындағы 3 бірдей орта арнаулы оқу орындарында өтуге болады. Соның бірі – экономикалық-техникалық білім беру кешені. Оны тәмамдаған түлектерді еңбекке орналастыруды білім ошағы өздеріне басты ұстаным етіпті.

 

Александр Мерк, экономикалық-техникалық білім беру кешенінің директоры:

-Түлектерімізді жұмысқа орналастыруды осыдан 10 жыл бұрын қолға алдық. Бүгінде ол сәтті жүзеге асуда. Биылғы жылы оқу бітіргендердің барлығы көп салалы құрылғылар зауытында еңбек етіп жүр. Олардан емтиханды кәсіпорынның өкілдері өздері қабылдады. Оған дейін түлектеріміз сол жерде өндірістік тәжірибеден өткен болатын.

 

Жыл басынан 8 мамандық бойынша үшайлық қайта даярлау курстарын 94 адам тәмамдаған. Жоспар – 230 адамды оқыту. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан бөлінген қаражат 10 миллион теңге. Қайта даярлау курстарынан өтушілердің денін қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестурі бөлімі бағыттаған. Мақсат жұмыссыздар санын қысқарту.

 

Самат Есмағи