Құқық қорғау органдары

Жоғалып кеткен екі бала төрт күн бөтен аулада түнеген

 

 

Анасы балаларының жоғалғандығы туралы арызды бірнеше күн өткеннен кейін ғана жазады. Ал келесі күні полицейлер жасөспірімдерді компьютерлік клубта отырған жерлерінен тауып алып, Жұмысшы кентіндегі анасына апарады. Алайда, қарсы алып алдарынан ешкім шықпайды. Үздіксіз соғылған қоңырауға да анасы жауап бермеген. Сөйтіп, полицейлер жеткіншектерді облыстық кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына жеткізеді. Шешесі оларды кеше алып кетіпті. Қазір оны ата-ана құқығынан айыру үшін материалдар жинастырылуда. Балалардың ата-анасы айрылысқан екен. Олар әкесінің қамқорлығына тапсырылуы мүмкін.

 

Берік Қасен