Құқық қорғау органдары

Ағаш көмірін дайындайтын шағын цехта еңбек және көші-қон заңнамасы бұзылған

 

Тәртіп сақшылары шұғыл іздестіру шаралары барысында М.Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылының маныңда тұрған шағын цехты тексереді. Дәл сол кезде онда 11 адам жұмыс істеп жатады. Олардың барлығы – жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары.

Азаматтармен еңбек келісім-шарты жасалмаған, не санитарлық кітапшалары жоқ. Бірінің, тіпті, мүлдем құжаты болмай шықты.

Қожайын мұны жұмысқа келіп-кетушілердің көптігімен түсіндірді. Ақыры, құжаты жоқ азамат Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қабылдап бөлу бөліміне жеткізіледі. Қазір тәртіп сақшылары одан жауап алып, оның қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

 

Бану Ахметова