Құқық қорғау органдары

Полицейлерге арналған психологиялық семинар-тренинг

 

Аса жауапты қызметте жүрген полицейлерге қырағылықпен қатар психологиялық түрғыда жақсы дайындық қажет. Тәртіп сақшысы қоғам тыныштығын күзетеді. Бұл оңай емес істе оқыс жағдайды шиеленістірмеу – құқық қорғау қызметкерінің міндеті. Ашуға булыққан заңбұзушыны сабасына түсіруде мінез көрсетпей сабырлық таныту қажет. Өзгенің сақтығын қорғау қамында жүріп жеке басының қауіпсіздігін де ұмытпаған жөн.

 

Айгүл Сейітова,Петропавл қалалық ІІБ инспектор-психологы:

– Полиция қызметкері кез-келген тосын жағдайда дайын болуы тиіс. Күтпеген оқиғаға жылдам бейімделіп, тиімді шешім қабылдай білу керек. Қылмыскер болса, өзінің айтқанына көндірудің бар амалдарын қарастыруға дағдыланған жөн. Бұл ретте салмақтылықтың маңызы айрықша. Кәсіби этиканы да ұмытпау қажет.

 

Бұл – тәртіп сақшылары күнделікті жұмыста тап болатын қиындықтарды шешудің алғы шарттары. Әр қызметкердің жадында сақталуы тиіс ұсыныстар ІІМ құрылған. Онда құқық қорғау органы қызметкерінің жұмысқа келуден бастап жасайтын іс-қимылы тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Жиынның мақсаты – жас мамандарға аталмыш кәсіби шеберлік нормаларын енді бір еске салу. Сондай-ақ, шара барысында қылмыскерлерді алдап-арбап құрықтаудың амал-тәсілдері іс жүзінде көрсетілді.

 

Жеңіс Ермұқанов