Бизнес және экономика

Солтүстікқазақстандықтардың орташа айлық табысы 8 пайызға өсті

Орман, балық және ауыл шаруашылықтарының, өндіріс, құрылыс, көлік салалары мамандары еңбекақысының өскендігі байқалады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметте жүргендердің айлықтары артқан. Санақшылардың айтуынша, ең жоғарғы жалақыны қаржыгерлер, ақпарат және байланыс, сақтандыру компанияларының қызметкерлері алады. Ал, демалыс және сауықтыру, өнер саласы мамандарының еңбектері төмен бағаланады екен. Жалпы өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда солтүстікқазақстандықтардың орташа айлық табысы 8 пайызға өскен.

 

Жеңіс Ермұқанов