Спорт

Петропавлдықтар Спорт күнінде орталық алаңда дене жаттығуларын жасады

 

Жексенбі күнгі таңғы сағат 10. Әдетте, қаладағы орталық алаңда бұл кезде адам көп жүрмейді. Ал бүгін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін осында ағылды. Спорт күнінде ұйымдастырылған осындай ерекше шарадан «Дельфин» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Теміртас Әлжанов та қалыс қалған жоқ. Ол демалыс күнін шынығудан бастады.

 

Теміртас Әлжанов, су спорты түрлерінен «Дельфин» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

– Өте жақсы ойлап табылған шара. Жастардың көптеп жиналғандығы қуантады.

 

Орталық алаңға 300- ге жақын адам жиналды. 8 қатарға тізілген петропавлдықтар барша қазақстандықтармен қосылып бірге жаттығу жасады.

Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» деп атап өткен болатын. Шараның мақсаты да осы – салауатты өмір салтын насихаттау арқылы балаларды дене шынықтыруға баулу, бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

 

– Күнделікті жаттығу жасауға кейде қол тие бермейді. Сондықтан бүгін арнайы осы алаңға келіп, жұртпен бірге жаттығу жасадым.

– Жиі болса жақсы болар еді

– Бұл жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға итермелейді. Жақсы ойлап табылған шара.

 

“Шынықсаң, шымыр боласың”. Күнделікті жаттығу жасау адамның спортқа деген құлшынысын арттырып, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді. Осылай көппен бірге шынығу солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықты. Барлығы да шараға белсенді қатысты.

 

Мағжан Ахмадина