ТЖ

Өткен аптада оннан астам өрт оқиғасы тіркелді

Өткен аптаның өзінде осындай 10 төтенше жағдай тіркелген. Көбінде өрт электр құрылғылары мен газ баллондарын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан орын алады. Шөп жиналып тұрған жерлерде де қызыл от ойранын салуда. Жамбыл және Ақжар аудандарында мал азығының 10 тоннасы жанып кетті. Өңіріміздің су көздерінде де жағдай тұрақтанар емес. Жыл басынан 30 адам қаза тапқан. 5-уі – балалар. Мамандар 104 адамды құтқарып қалған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін естен шығармауды ескертеді.

 

Мағжан Ахмадина