Денсаулық сақтау

Облыстық аурухананың еңбек ардагерлерінің бірі 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Тамара Шевченко саналы ғұмырын адамдарды емдеуге арнаған. Ол облыстық ауруханада медбике болып 24 жыл еңбек еткен. Дәл бүгін 90-ның төрінен көрініп отырған кейуана әлі тың. Қарияның қимылы сергек. Ізбасарлары жолдаған құттықтаудың әр сөзін бар ынтамен тыңдап, бір марқайып қалды.

40-шы жылдары ел шетіне жау тигенде 18 жастағы бойжеткен – шаттыққа толы жастық шақпен ерте қоштасып, ел қатарлы еңбек етіп ерте есейген. Сонау сұрапыл соғыс жылдары “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін” деген тыл еңбеккері

 

Тамара Шевченко,тыл еңбеккері, медицина саласының ардагері:

– Мал бақтым, өгіз айдап жер жырттық. Қару ұстауға жарайтындар майданға аттанып кетті. Ауылда әйелдер мен шал-кемпірлер қалып бар істі тындырды. Жинап тергенімізді Ұлы жеңіс үшін жауынгерлерге жібердік.

 

Кейін күйреген экономиканы оңалтуға еңбек етті. Кеудесінде “Ұлы жеңіс үшін” және “Медицина саласының еңбек ардагері” медальдары жарқырайды.

 

Тамара Шевченко, тыл еңбеккері, медицина саласының ардагері:

– Алдымен емханада санитар болып қызмет жасадым. Өмірлік ісіме бар жауапкершілікпен қарауға тырыстым. Мен үшін ең басты қуаныш науқастардың аяқтарына нық тұрып кетуі болды. Ол үшін бар білгенім мен күш-жігерімді жұмсадым. Жас мамандарға айтарым, аса маңызды қызметте адал болу керек. Жүктелген істі жауапкершілікпен орындау – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі. Кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру қажет.

 

Қарт ана бүгінгі қуанышпен бөлісетін туған-туыстарының жоқтығына қамығады. Бірі де бұл өмірде жоқ. Ақ жаулықты қария, әйтеуір, бейнеттің зейнетін көруге жазғанына шүкіршілік етеді. Бір ғасырға тәмам ғұмыр кешкен Тамара Иосифовна қайырымды ұрпақтың әр уақытта көңіл бөліп ұмыт қалдырмайтынына разы.

 

Жеңіс Ермұқанов