Құқық қорғау органдары

Борышкерлерді іздеу акциясы

 

Сот шешімі бойынша қарызы бар адамдардың мекенжайын нақтылау жөнінде полиция қызметкерлері рейдтік шараларды жиі өткізіп тұрады. Өйткені, борышын қайтарудан жалтарып жүрген азаматтардың көбі тұрғылықты жерін өзгертіп тұрады екен.

 

Гүлнұр Сәрсенова, СҚО ІІД заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке взводының аға инспекторы:

-Алимент және мемлекетке қарызын өтемей жүргендерді табу жөніндегі кең көлемді шараның алғашқы күні  20 борышкер табылды.

 

Биыл алимент пен мемлекетке қарызын қайтарудан жалтарып жүрген 745 адам іздеуде жүр. 576 азаматтың мекенжайы анықталды. Оның 76-ы – алимент төлемегендер. Бұл іс-шара тамыздың 21-не дейін жалғасады.

 

Бану Ахметова