ТКШ

«Қазтелекомға» қарыз тұтынушыларды сот орындаушылары аралап жүр

 

Сот орындаушылары бұндай рейдтік шараларды күнделікті өткізіп тұрады. Бұл жолы олар байланыс қызметін пайдаланып, оған берешектерін айлап төлемейтін тұрғындардың есігін қақты. Рижская көшесіндегі жатақханалардың бірінде тұратын азамат байланыс қызметі үшін 5 мың теңге қарыз. Борышкерге сот орындаушылары төлеуге 10 күн уақыт берді.

Бұдан кейін, Интернационал көшесіндегі 5-ші үйде тұратын қарызгердің пәтерін де қағып көрдік. Бірақ  ол есікті ешкім ашпады. Бұл жағдай әр келген сайын қайталанады екен. Сот орындаушылары ашылмаған есікке тағы да ескерту қағазын қыстырып кетті.

 

Ерлан Нұрмолдин, СҚО сот актілерін орындау департаменті әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі бөлімінің сот орындаушысы:

– Біз шілденің 17-сінен бастап рейдтік шараларды күшейттік. Бүгінгі күні біздің қарауымызда “Қазақтелеком” АҚ қарызданған 67 борышкердің ісі жатыр. Бір адам мойнындағы ең аз деген берешек 1710 теңгені құраса, ең көбі – 110 мың теңгеге жақындайды.

 

Осындай рейдік шара барысында сот орындаушылары 98 мың теңгені қайтарған. Жалпы, солтүстікқазақстандықтардың “Қазақтелекомға” деген қарызы 1 млн. теңгеден асады.

 

Бану Ахметова