ТЖ

Көпқабатты үйлердің бірінде лифт кабинасы күйді

Өрт лифтінің ішінен шыққан. Жалын толық ауыздықтылғанымен жедел саты жұмыс істеуге жарамай қалды. От түн ортасында тұтанған. Үйдің тұрғыны Жанна Сәдуақасова шын мәнісінде не болғанын түсінбей қалдым дейді. Лезде жетіп келген өрт сөндірушілер баспанадағы 100 адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген.

 

Жанна Сәдуақасова, үй тұрғыны:

Шыртылдап жанып жатқан дыбыстан шошып оянып кеттім. Дәлізге шығып едім көк түтіннен ештеңе көрінген жоқ. Жанталасып көршілерімнің есігін қақтым. Көк түтін пәтерлердің ішіне кіре бастады. Кейін жүгіріп барып терезеден қарасам, барлығы далада жүр. Өрт сөндірушілер де келіп қалған. Мен үстіме бір нәрсе құлап кете ме деп қорқып, орнымнан қозғала алмадым.

 

Өрт сөндірушілер хабар алысымен бірнеше минуттарда оқиға орнына жеткен. Олар жалынмен 2 сағат бойы арпалысқан. Отты ауыздықтауға 15 құтқарушы және 4 арнайы техника жұмылдырылды. От шарпыған орын 18 шаршы метрді құрап отыр. Әзірге өрттың шығу себебі белгісіз. Анықталып жатыр.

Бану Ахметова