Білім

Ұстаздардың дәстүрлі тамыз кеңестері басталды

Жас ұрпақ – ел болашағы. Ал оларға сапалы білім, саналы тәрбие беру – алдымен ата-анаға, кейін ұстаздар қауымына жүктелген міндет. Сол себепті  мұғалімдер жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде. Білікті ұстаздан тәлім алған шәкірттің білім деңгейі жоғары болмақ. Осыған орай өңіріміздің 100-ден астам оқытушысы өз шеберлік сыныбын көрсетіп, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Бұған дейін оқушылар ағылшын тілін 5-сыныптан бастап үйренсе, енді жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап оқиды. Ал, информатика пәні 5-сыныптан бастап оқытылады. Білім беру жүйесіне заманауи әдістерді енгізіп, педагогтар құрамының біліктілігін арттыру – Елбасының биылғы жолдауында айқындаған бағыттарының бірі. Жиында мамандар  даярлау мәселесі де талқыланды. Бекет Баяхметов – тарих пәнінің жоғары санатты ұстаздарының бірі. Жылдар бойы өз білгенін шәкірттеріне үйретуден жалықпаған білікті педагог бүгінгі бас қосуда әріптестерімен тәжірибе алмасып, пәннің маңызы жайында баяндама оқыды.

Кеңес қорытындысы бойынша жасалған ұсыныстар сараланып, жаңа оқу бағдарламасына енгізілетін болады.

 

Біржан Қойшыбаев