ТЖ

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар көрші өңірдегі әріптестеріне көмектесті

Төтенше жағдай шекаралас РФ Челябі облысындағы толассыз жауған нөсердің салдарынан орын алған. Жауын-шашыннан Қаратал-Аят өзені арнасынан асыпты. Табиғи апатпен күреске еліміздің үздік құтқарушы күштері жұмылдырылды. Су тасқынын ауыздықтауға 107 арнайы техника мен 365 құтқарушы тартылды. Оның ішінде 32 маман мен 6 бірлік техниканы СҚО төтенше жағдайлар департаменті жіберген.