Спорт

Велосипедтен республикалық көпкүндік жалғасуда

 

КСРО  спорт шебері Алексей Мартыновичті еске алуға арналған республикалық велокөпкүндік осымен 17-ші рет өткізілуде және оған қатысамын деген үміткерлердің де қатары жыл сайын артып келеді. Солтүстікқазақстандық велошабандоздардың өз еселерін ешкімге де бере қоймасына бапкерлер сеніп отыр.

 

Владимир Парахин, жарыстың бас төрешісі:

-Талдықорған – көш басында. Петропавл 2-ші, үшінші орын – Астана құрамасында. Ал  жекелей сында 2 күннің нәтижесі бойынша алматылық Дмитрий Глазунов бірінші болып дараланды. Десек те, мен өзімнің тәрбиеленушілеріме көп үміт артамын. Әзірге, Никита Манатов 4-ші орында тұр. Ертеңгі жарыстарда біздің өңірді алға шығарады деп ойлаймын.

 

Велокөпкүндіктің үшінші күнінде спортшылар 40 шақырымға топ болып жарысады.

 

Владимир Парахин, жарыстың бас төрешісі:

– Яғни, әр құрамадан бір адамнан қатысады. Олар сөреде бір сызықтың бойына тұрып, жарысты бір уақытта бастайды. Соңында кім бірінші келсе, сол жеңімпаз есебінде қаралады.

 

Алда әлі 2 күндік сайыс бар. Оның бірі – Омбы жолында өтеді, Ал, соңғы критериум жарысында республикалық оқушылар сайысы қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

 

Берік Қасен