Құқық қорғау органдары

Әйел зорлағандар бір айдан кейін ұсталды

Өткен айдың басында тәртіп сақшыларына облыс орталығының 33 жасар тұрғыны арыз жазған. Әйел бейтаныс адамдардан зорлық көрдім деп шағымданыпты. Таңғы сағат алтыда Алматы көшесінің бойында кезіккен үш жігіт азаматшаға дөрекілік танытқан екен. Күштеп маңайдағы гараждардың артына алып барып, ар-намысын таптаған. Бұндай бассыздыққа барған қаскөйлер жәбірленушінің ұялы телефонын да тартып алыпты. Араға 1 ай салып шектен шыққан күдіктілер құрықталды. Қазір үшеуі де уақытша тергеу абақтысына қамалды. Сезіктілерден жәбірленушінің телефоны мен сұмдық көріністі түсірген бейне файл тәркіленді. Жапашегуші шабуылдаушыларды бірден таныды. Олар Қызылжар ауданының 19 -20 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың айтуынша, облыстағы  орталығына келіп көңіл көтермекші болыпты. Қылмысқа қатыстылығы дәлелденсе, әрбірі кемінде 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 

Жеңіс Ермұқанов