Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тамыздың 7-сі күні облыста аудандық маңыздағы қалалар мен ауылдық, селолық округтер әкімдерінің сайлауы өтті

Өңірдегі елді мекендердің жаңа басшылары 571 үміткерден таңдалды. Олардың 142-сі  орындарын сақтап қалды. Лауазымды қызметке тұрғандардың барлығы жоғары білімді. 63-і –  педагогикалық, 58-і –   ауылшаруашылық, 27-сі – инженер-техникалық, 24-і –  экономикалық және 22-сі заңгерлік мамандықтың иесі. Әкімшілік-мемлекеттік қызмет атқаруға нәзік жандылар да үлкен белсенділікпен ниет танытқан. Сайлаудан кейін ауылды басқаратын азаматшалардың үлесі 16,5 пайызды құрап отыр. Жаңа ел жетекшілерінң орташа жасы 47 шамасында. 95,9 пайызы – “Нұр Отан” ХДП мүшесі. Сайлаудың ашық өтуін қоғамдық бірлестіктердің – 14, бұқаралық ақпарат құралдарының – 41 және үміткерлердің 99 сенімді өкілі бақылады.

Жеңіс Ермұқанов