Билік

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Депутаттар күн тәртібіндегі бір мәселені қарады. Облыс әкімі Самат Ескендіров 2 жерлесімізге “СҚО құрметті азаматы” атағын беруді ұсынған болатын. Бұл атаққа лайықты үміткерлер – академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Еренғайып Шайхутдинов және Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғалымы Зейнолла Молдахметов.

 

Владимир Дудов,СҚО әкімі аппаратының басшысы:

Зейнолла Молдахметов 1933 жылы СҚО Преснов ауданының Октябрь ауылында туған. 1963 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғаған. 1975 жылы Шымкенттегі Қазақ химия-технология институтының ректоры болып тағайындалады. Ал 1980 жылы республикада алғаш рет кванттық химия бойынша мектеп ашты. Парасат орденнің иегері Зейнолла Молдахметовке 1993 жылы ҚР еңбек сіңірген ғалымы атағы берілді.

 

Кандидаттардың барлығы облыстың дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Оларға “СҚО құрметті азаматы” атағын беруді халық қалаулылары бірауыздан қолдады.

 

Светлана Кашенцева, облыстық мәслихаттың кезектен тыс XVII сессиясының төрайымы:

– Барлық азаматтар лайықты. Біз әрбір кандидатураны жіті қарастырдық.

 

Облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сессиясы тамыздың 16-сында өтеді.

 

Мағжан Ахмадина