Билік

Елімізде машина жасау саласын дамыту бағдарламасы жасалады

 

Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында көлік құрастыру бағытындағы өндіріс көлемі 367 млрд. теңгеге жетіпті. “Индустриаландыру картасы” аясында 197 млрд. теңгенің 57 жобасы жүзеге асып жатыр. Үкімет басшысы бұл – мемлекеттік демеу саясатын ұтымды қолданудың арқасы екенін атап өтті. Сондай-ақ, оң үрдісті жетілдіре түсудің маңыздылығына тоқталып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен машинажасаушылар одағына бірлесіп  электротехникалық өнім шығаруға арналған құрастыру бюросын ашудың жолдарын қарастыруды жүктеді. Серік Ахметов Елбасы бұл саланың дамуын жіті бақылауға алатынын атап өтті. Үдемелі индустриялық-иновациялық даму бағдарламасы аясында бәсекеге қабілетті өндіріс ошақтары бой түзеуде. Үкімет өз кезегінде тың бастамаларды барынша қолдауды жалғастыруға әзір.

 

Жеңіс Ермұқанов