Денсаулық сақтау

Жеделсатылар жөнделіп жатыр

Өткен жылы мұнда азық-түлік қоймасының шатыры, 3 қабатты респираторлық патология және жаңа туған балаларға арналған бөлімшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Енді  биыл 2 бірдей жеделсаты ауыстырылып жатыр. Оған 12 млн 965 мың теңге қарастырылған.

 

Олег Завьялов, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

– Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға жеделсатыларды жаңартуды жөн көрдік. Әйтпесе, олар әбден ескіріп қалған еді. Жөндеу жұмыстарын жоспарлаған уақытта аяқтаймыз.

 

Бұл жеделсатыларды бұл салада айтарлықтай тәжірибесі бар кәсіпорын қызметкерлері орнатуда.

 

Андрей Арендаренко, “Азия Лифт GROUP” ЖШС құрастырушысы:

-Бұл – тиянақтылықты талап ететін, жауапты жұмыс. Жеделсатылар Түркияда жасалған. Сапалы. Қолдану мерзімі 25 жылға жетеді.

 

Айта кету керек, лифтілер 30 жылда бір де бір ауыстырылмаған екен. Мұнда, сондай-ақ, аурухананың дәлізі мен кіре берісі де қалпына келтірілуде. Жаңа кейіпке енетін ауруханада емделу соғұрлым жайлы болады дейді ата-аналар.

 

Елена Суворова:

Біз баламмен 5 қабатта жатырмыз. Күнде төменге баспалдақпен түсе беру оңайға соқпайды. Сондықтан, жаңа жеделсатылардың жаңасына ауыстырылып жатқандығы қуантуда.

 

10 күн бұрын басталған жөндеу жұмыстарын мұндағылар 15-тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Бану Ахметова