Құқық қорғау органдары

Заңсыз ағаш кескендер жауапқа тартылады

 

Табиғат  қорғау инспекторлары Қызылжар ауданындағы Ташкентка ауылының маңында отын тиелген тракторды тоқтатады. Тексеру барысында қоршаған орта жанашырларының күдігі расталды. 7 текше метр ағаш заңсыз шабылған.

 

Нұрлан Қуанов, Қызылжар аудандық ІІБ инспекторы:

Трактор және ондағы жүк толығымен тәркіленді. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. Ұсталған азаматтардың айтуынша, жұмыссыз жүргендіктен отынды сатып алуға шамалары жетпеген.

 

Қалай дегенмен бұл – заң бұзушылық. Қолыңмен жасағанды мойынмен көтеру керек. Олар табиғатқа 52 мың теңгенің залалын тигізді.

 

Нұрлан Қуанов, Қызылжар аудандық ІІБ инспекторы:

Ағаш заңсыз кесілсе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егер де шығын 100 АЕК-тен асса, ҚК 291-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалады.

 

Биыл табиғат сақшылары тоғайларды рұқсатсыз шабуға қатысты 27 факті тіркепті. Оның үшеуі Қызылжар ауданында орын алған.

 

Жеңіс Ермұқанов