Тамыз жадыраған жазға қарайтын ай болғанымен, ауа райын болжаушылардың айтуына қарағанда, алдағы 30 күнде ауаның температурасы әдеттегі нормадан 1 градусқа төмен болмақ. Ауаның орташа температурасы 15 – 21 градус аралығында болжануда. Кей жерлерде сынап бағанасы 34-ке дейін көтерілсе, түнде 12-17 градус жылы болады. Ал айдың онына қарай күн қайта суытады деген болжам бар.
Талғат Жұманов, СҚО гидометеорология орталығының инженер-синоптигі:
– Екінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 13-18 градус жылы болса, күндіз 30-35-ке дейін ыстық болады. Кей жерлерде 25 градус жылы болмақ. Онкүндіктің соңы салқындайды деп күтіледі.
Тарих беттеріне үңілсек, 1952 жылы тамыздың 26-ында ауаның температурасы 38 градусқа дейін жоғарылаған. Ал 1971 жылы дәл сол күні сынап бағанасы минус 0,5-ті көрсеткен. Биыл да, тамыздың соңы алда келе жатқан күзді сездірмей қоймайды. Айдың соңғы онкүндігі күрт суытады дейді синоптиктер.
Талғат Жұманов, СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:
– Үшінші онкүндіктің алғашқы жартысында ауаның температурасы салқындай түспек. Түнде сынап бағаналары 5-10, кей жерлерде – 0, ал күндіз 13-18-ді көрсетеді.
Ауа райын болжау орталығы мамандарының айтуына қарағанда, ай соңы жауын-шашынды болады, тіпті бұршақ түсуі ықтимал.
Әспет Әбдірешова