Қоғам

Шекарада келісімшарт бойынша қызмет етуге болады

Бүгінде 2032 әскери бөлімінде білімді, денсаулығы мықты сайдың тасындай жігіттерді шекара қызметіне тарту жұмыстары жалғасуда. Әскерилердің айтуынша, кейінгі кезде өңір жастарының шекара қызметіне деген құлшынысының артқаны байқалады.

Аға атқыш Ерсаян Сәрсенбиннің осында келгеніне 2,5 жыл болыпты. Жалақысы көңілден шығады, барлық жағдайлар жасалған дейді ол. Енді, келісімшарт уақытын ұзартып, қызметін әрі қарай жалғастырмақшы.

Әскери қызмет талаптарына сай келетін мектеп және оқу орындарының түлектерін мұнда бір жылдық оқу күтіп тұр. Ал запастағы офицерлерді бірден жұмысқа алу қарастырылған.

 

Біржан Қойшыбаев