Денсаулық сақтау

Жыл басынан бері облыста мыңға жуық адам гепатиттің В мен С түріне шалдыққан

 

Сары ауру бауырды зақымдайды. Ауру асқынып кетпеу үшін дәрігерге дер кезінде қаралу қажет. Ал одан қорғанудың ең бір тиімді жолы – екпе егу екен.

 

Юрий Пузиков, ҚР ДСМ МСЭҚ комитетінің СҚО департаменті директорының орынбасары:

-1997 жылы 1315 адамда сары ауру табылды. Оның ішінде В гепатитімен 205 адам ауырса, қалғандары А түріне шалдыққан. Соңғы 15 жылда жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында облыс бойынша бір де бір бала бұл дертке шалдыққан жоқ.

 

Сары аурудың инфекциясы дұрыс тазартылмаған медициналық құралдар мен сұлулық салонындағы аспаптар, жыныстық қатынас арқылы жұғады.

 

Ольга Шилкина, СҚО денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі:

-Алғашқы жартыжылдықта қалалық және аудандық ауруханаларда 1639 адам тексерістен өтті. Ол жалпы жоспардың 47 пайызын құрайды. Көбінесе, бұл дертке операциядан кейінгі, онкологиялық аурумен ауыратын және нашақор азаматтар көп шалдығады.

 

Ольга Гундарева – облыстық қан орталығына жиі келетін донорлардың бірі. Ол бұл игі іспен студенттік шағынан бастап айналысады.

 

Ольга Гундарева:

-Мұнда маған өте ұнайды. Барлық жағдай жасалған. Әртүрлі ауруға шалдығам деп қорықпаймын. Дәрігерлер өз жұмысына 100 пайыз кепілдік береді.

 

Өңірімізде ерікті қан тапсырушылардың қатары өсіп келеді. Облыс бойынша 2010 жылы 4800 литр қан тапсырылса, 2012 жылы ол көрсеткіш 7600 литр болған. Донорлардан алынған қан тексерістен өткізіліп, арнайы тоңазытқыштарда сақталады. Дәрігерлер адамның өз денсаулығы өз қолында екенін ұмытпаған жөн дейді.

 

Біржан Қойшыбаев