Қоғам

«ЭКСПО-2017» көрмесінің логотипі бекітілді

 

Мемлекеттік комиссия мүшелерінің назарына халықтың онлайн арқылы дауыс беруі барысында іріктеліп алынған екі нұсқа ұсынылды. Естеріңізде болса, шілденің 9-ы мен 22- сі аралығында қазақстандықтар танымал интернет ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы ұсынылған жеті логотиптің біреуіне дауыс берген болатын. Нәтижесінде, «Жасыл энергия» және «Жел энергиясы» атты екі үлгі анықталды. Мемлекеттік комиссияның шешімімен «EXPO -2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа белгісі ретінде «Жел энергиясы» логотипі бекітілді. Жиында өзге де бірқатар маңызды мәселелер қаралып, Премьер- министр ведомстволар басшыларына тиісті тапсырмадан жүктеді.

 

Мағжан Ахмадина