Билік

Теңгенің девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқ

 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдаған. Г.Марченко негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы ахуал туралы мәлімдеді.

Елбасы қазіргі уақытта алтын-валюта резервтері көлемін, сондай-ақ отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқтығын атап өтіп, бұл ретте Ұлттық Банк жұмысын бастапқы режимде жалғастыру қажеттігіне тоқталды – делінген хабарламада.

Ұлттық Банк төрағасы қаржы нарығының барлық сегменті бойынша орнықты өсім байқалғанын, ал инфляция деңгейі 2012 жылғы шілде мен биылғы шілде аралығында 5,9 пайызды құрағанын және жоспарланғаннан 6-8 пайыз төмен тұрғаны жөнінен мәлім етті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Айдана Демесінова