Мәдениет

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары көбейіп келеді

 

Ж.Жабаевтың мына жыр жинағына шамамен – 50 жыл. Бұл – осындағы көне кітаптардың бірі. Ол ақын бабамыздың 100 жылдығына орай басылып шыққан екен. Мұнда осы сияқты құнды туындылар жетерлік. Жалпы, кітап қоры 200 мың данадан асады. Тақырып аясы кең. Кез келген адам жасына, қызметіне, талғамына сай керегін таба алады. Кітапхана қызметкерлері соңғы уақытта кішкентай оқырмандардың жиі келетіні қуантады дейді.

Оларды көбінесе  Дисней сериясындағы ертегі кітаптары қызықтырады екен.

 

Күлизат Шахатова, кітапханашы:

-Жоғары сыныптың оқушылары Б. Соқпақпаевтың “Менің атым Қожа”, М.Әуезовтың “Көксерегін” көп оқиды. Кәрібай Ахметбековтың «Егіз қала» шығармасы да жасөспірмдердің жоғары сұранысына ие.

 

Кәмила Мұханова кітапханаға жиі келіп тұрады. Ол кішкентай ханшайым туралы кітаптарды қызыға оқиды. Қазір балауса қыздардың қолында – «Күнекей қыз» бен «Сұлу және құбыжық» қиял-ғажайып ертегілері.

 

Кәмила Мұханова:

«Кел санайық», құстар, табиғат туралы көп кітаптар оқимын. Мұнда қызық, маған ұнайды.

 

Ал, Илья Жучков көрші Омбы облысынан әжесіне демалуаға келсе де, кітап оқуға уақыт тапқан.

 

Илья Жучков:

-Мені әскерилердің ерлігі мен теңіз қарақшылары туралы жазылған кітаптар қызықтырады. Жазушы Константин Паустовскидің шығармаларын көп оқимын.

 

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөсіпірімдер кітапханасына жуырда 50 жыл толды. Бүгінде мұнда келетін тұрақты оқырмандар саны 14 мыңнан асады.

 

Берік Қасен