ТЖ

Өңірде жыл басынан бері 400-дей өрт тіркелді

Мәселен, Қызылжар ауданындағы “Семипалатное” коммуналдық шаруашылығының атқорасы жанып кетті. Жұмысшылар дәнекерлеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған болса керек. Қызыл жалын қора шатырының 11 шаршы метрін жалмаған. Мамлют ауданындағы Белое селосында электр сымдарының оқшауланбағанынан үй маңындағы қора-қопсыны  от орады. М.Жұмабаев ауданындағы Қарақоға ауылында тіркелген өрттің себебі де осыған ұқсас. Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан “Жигалов” ЖШС-ң бидай тазалағыш кешенінде от тұтанған. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер 17 тонна бидайды сыртқа шығарып үлгеріпті. ТЖД мамандары электр жабдықтары мен сымдардың дұрыстығына баса мән беру қажеттігін ескертеді. Өрт шыққан жағдайда “101”,”112″ телефон нөмірлеріне хабарласу керек.

 

Біржан Қойшыбаев