Спорт

СҚО командасы гір көтеруден ел чемпионатында жеңімпаз атанды

Қостанай қаласынан келген спортшылар тұғырдың екінші сатысынан көрінсе, павлодарлықтар алғашқы үштікті тұйықтады. Аталмыш додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 90 адам қатысты. Өнір намысын 13 ауыр атлет қорғады. Облыс құрамасының қоржынына халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владислав Третьяков, ҚР спорт шеберлері Виталий Диденко мен Елена Костенко алтыннан алқа салды.

 

Біржан Қойшыбаев