Мәдениет

Қолөнершілер көрмесі

 

 

Өңіріміздің 10 саусағынан өнер тамған 130 шебері көрмеге 200-ден астам еңбектерін қойды. Қиялға беріліп, ішкі жан дүниесін сыртқа шебер шығара білген жарымжан жандардың туындылары көздің жауын алады. Әрбір экспонат өзінше бөлек ерекше нақышта орындалған. Облысымыздың есту қабілеті нашар жандары осылайша егемендіктің 20 жылдығын ұлықтауды ұйғарыпты.  Ою-өрнекпен безендірілген ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар талғампаз сәнқой қыздарды  бей-жай қалдырмасы сөзсіз. Матадан тігілген, тоқылған, ағаштан ойылған , темірден соғылған тұрмыстық жабдықтарды, ақ қағазға түсірілген бейнелеу өнерінің туындыларын тамсанбай айналып өту қиын. Материалдары да сан қилы. Ағаш, қылқалам бояулары, мата, киіз, саз, тіпті бөтелке қақпақшаларынан туған қолданбалы өнер бұйымдарын кездестіруге болады. Бірінен бірі асатын еңбектердің үздіктері 8 аталым бойынша анықталды.
Крыловтар әулеті тоқу өнерінен алдына жан салмады. Татьяна мен қызы Кристина көрмеге 5 бірлескен туындыларын ала келіпті.

Татьяна Крылова:
– Тоқу өнері –  біздің әулеттің дәстүрі. Менің әжем, анамның әуестігін іліп әкетіп енді міне қызым жалғауда. Бар білгенімді Кристинаға үйреттім.

Кристина Крылова:
– Мен бұл дәстүрді үзбеуге тырысамын. кішкентайымнан анамның тоқығанын қызықтап тамашалайтынмын. Бос уақытымда өзім де әуестеніп біраз дүниені үйреніп алдым.

Шығармашылыққа әуес құлақ мүкісі бар жандар ән айтып, мың бұрала билеуден де алдына жан салмайтын шебер екендіктерін танытты.

Жеңіс Ермұқанов