Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бүгін елімізде үгіт науқаны басталды

 

Биыл тамыз айында өтетін сайлау науқаны ауыл-аймақтың, жалпы еліміздің дамуына септігін тигізеді дейді саяси додадан оң өзгеріс күтетін солтүстікқазақстандықтар. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры Сергей Худяковтың айтуынша, ең алдымен сайлау жүйесі бір ретке келмек.

 

Сергей Худяков, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры:

– Ағымдағы жылдың тамыз айында өтетін сайлау науқанына біз тыңғылықты дайындалуымыз қажет. Сайлауға түсетін үміткерлердің қандай жұмыс атқарып, ел гүлденуіне қаншалықты үлес қосатынын зерттеу керек. Қаржыландыру мәселесі және өзге де ірілі-ұсақты шаралардың назардан тыс қалмағаны жөн. Бұл – ел үшін де, билік үшін де жасалатын маңызды қадам болмақ.

 

Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық, селолық округтер әкімдерін сайлау ел қамын ойлаған азаматтардың келуіне жол ашпақ.

 

Сергей Худяков, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры:

– Сайлау елді мекендердің дамуына серпін береді. Халық пен биліктің етене жақын болып, қордаланған мәселелерді бірлесе отырып шешуіне көмектеседі. Бизнесте, кәсіпкерлікте, экономикалық салада болсын тұрғындардың пікірі маңызды.

 

Ел басқару- жауапты жұмыс. Сондықтан, билік пен тұрғындар арасындағы байланыс әрдайым халықтың әлеуетін арттыруға бағытталуы қажет.

 

Мағжан Ахмадина