Балалар

«Серебряный бор» лагерінде биылғы жазда 800 оқушы тынығады

 

 

Қазір мұнда 160 бала демалып жатыр. Олар күніне 5 уақыт тамақтанып, әр түрлі емдік шай ішеді. Мұнда балалардың уақытын қызықты қылып өткізу үшін арнайы бағдарлама құрылған. Оқушылар шағын сахнада өз өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындарға қатысады. Жүзу бассейні бар. Жануарларды да тамашалауға болады. Мұндай демалыс жеткіншектерге тек жақсы әсер қалдырары сөзсіз. Лагерьде биыл балаларды лайықты қарсы алу үшін мықтап дайындалған. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Мәселен, 2 үйдің шатыры ауыстырылды, 3 жаңа монша салынды. Бұл атқарылған істің тек басы ғана.

 

Гүлшат Сыздықова, “Серебряный бор” балалар сауықтыру лагерінің директоры:

– Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млн теңге қаржыға ыдыс-аяқ пен жаңадан тоқ пешін алдық. Облыстық мәслихат депутаттары мен селолық округ әкімдері де өздерінің спонсорлық көмектерін аямайды .

 

Бұдан басқа Қызылжар ауданында 48 мектеп жанындағы алаңқай мен 26 аулалық клуб жұмыс істейді.

 

Біржан Қойшыбаев