Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы байқау

 

 

Әзірге, өңірімізден «Үздік студент» номинациясы бойынша 3 студент байқауда бағын сынауға ниет білдірген. Солардың бірі – СҚМУ студенті Сәлімхан Сәбитов. Ол досымен бірге ұйым құрып, мүгедек жандарға қолдау көрсетіп жүр.

 

Сәлімхан Сәбитов, студент:

– Жақында біз 40-тан астам нысанды аралап, қаншасы пандуспен жарақталғанын қарап шықтық. Тек 8-інде ғана мүгедектерге жағдай жасалған. Сол себепті, мүмкіндігі шектеулі жандар кинотеатр, сауда орталықтарына жиі бара бермейді. Біз солардың арасында сауалнама жүргізудеміз. Жалпы, әрбір мүгедек қоғаммен араласып, белсенді болуы қажет.

 

Бүгінгі таңда облыс колледждерінде 74 мүмкіндігі шектеулі жан білім алып жатса, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да олардың саны – 44. Мүгедек балалардың көбі өнерде, оқуда, спортта жетістікке жетіп, қоғамдық өмірге белсене араласады.

 

Бүгінде өңірде 29 мыңға жуық мүгедек бар болса, олардың 150-ден астамы – студент жастар. Жарымжан азаматтардың белсенділігін арттыруда мұндай байқаулардың маңызы зор.

 

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты жөнiндегi басқармасының басшысы:

– Мүмкіндігі шектеулі жандар 10 номинация бойынша сынға түседі. Олар – ең үздік әлеуметтік жоба, үздік спортшы, маман иесі, студент, үлгілі отбасы, тағысын тағылар. Қазір тек М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері ғана байқауға қатысуға ниет білдіріп отыр. Сондықтан, қалған оқу ордаларын да конкурсқа қатысуға шақырамыз.

 

Сайысқа іріктеу тамыздың 15-і өтеді. Аймақтардан таңдалғандар Астанада сынға түседі.

 

Мағжан Ахмадина