Спорт

Елімізде Бірінші лиганың дайындық топтары арасында ҚР чемпионаты өтуде

 

Бірінші лиганың дайындық тобына кәсіби клубтың жанындағы жас футболшылардың командалары кіреді. Республика бойынша олардың саны -18. Петропавлда өтетін жарысқа солтүстік топтың өкілдері келген. Барлығы – 3 команда. Олар жасөспірімдерден жасақталған. Алаңда көкшетаулық “Оқжетпес” пен жергілікті “Қызылжар” кездсеті. Қонақтар турнир кестесінде 2-ші орынға жайғасты.

 

Ерсайын Сембай, «Оқжетпес» құрамасының жартылай қорғаушысы, Көкшетау қаласы:

– Бүгін біз Петропавл  командасымен ойнасақ, ертең Астана құрамасымен кездесеміз. Турнир басталғалы бері біз 7 ұпайды еншіледік. Бір ойында жеңсек, біреуінде ұтылып қалдық.

 

Турнирде елордалық «Бәйтерек» көш бастап тұр. Жергілікті ойыншылар соңғы орында келе жатқанына қарамастан әлі жеңіске жететіндеріне сенімді.

 

Марк Донов, «Қызылжар СК» құрамасының жартылай қорғаушысы, Петропавл қаласы:

-Біздің командамыз мықты болса да әлі жеңіске жете қойған жоқ. Бірінші орынға ие болу үшін барымызды саламыз.

 

Осы турнир аяқталғаннан кейін 18 команда тамыз айында жүлделі орындар үшін таласады. Ойын шеңберлік жүйе бойынша өтеді.

 

Майгүл Қажжан