Білім

Петропавлда мектепке дейінгі білім беру мекемелері қыс мезгіліне қамданып жатыр

 

«Солнышко» бөбекжай негізі 1975 жылы қаланған. 210 орынға шақталған балабақша биыл жоспарлы жөндеуден өткен. Аумағы абаттандырылып, жасыл желек отырғызылды. Жаңа ойын алаңдары да салыныпты.

 

Валентина Мельникова, «Солнышко» бөбекжай- бақшасының тәрбиешісі:

– Демалыстан кейін әдемі де жаңарған балабақшаға келіп қуанып қалдым. Жөндеуден кейін бөбекжай түрленіп, көз қызықтырады.

 

Биыл 1 млн теңгеден астам қаржыға балабақшаның кіре берісіндегі басты саты жөнделген. Мұндағылар жылыту маусымына дайындыққа үнемі алғашқылардың бірі болып кіріседі екен

 

Светлана Великотрав, «Солнышко» бөбекжай- бақшасының меңгерушісі:

– Құбырларды жуып-шаю жұмыстарын жүргізу бойынша жаздың басында-ақ келісім-шарт жасасып қойғанбыз. Бұған шамамен 100 мың теңге жұмсалды.

 

Біз барған келесі «Аленушка» бақшасы да жылыту маусымына әзір. Өткен жылы мұнда барлық жүйеге күрделі жөндеуден өткен. Оған 3 млн теңге жұмсалыпты. Қауырт кезге әзірлік құжаты берілді. Тәрбиешілер  енді  келесі аптада балаларды қабылдауға дайындалып жатыр.

 

Любовь Зайцева,«Аленушка» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі:

– Жаз уақытыңда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жылыту маусымына дайындықты ерте бастаймыз. Құжатты шілденің басында алдық. Балабақшамыз жылы.

 

100 орынға шақталған бөбекжайда биыл киім жуатын бөлме де жөнделген екен. Балаларды күннің ыстығы мен желден қорғайтын төбесі бар қалқалар тұрғызылыпты. Оған қалалық бюджеттен 2 млн теңге бөлінген.

 

Мағжан Ахмадина