ТЖ

Жылу-электр орталығында бетон тақта құлап, 4 жұмысшы зардап шекті

 

 

Төтенже жағдай таңертең ерте болған. Жұмысшылардың аяқ астындағы бетон тақта қақ айырылып, 4 адам газқұбырына құлап кетті.

 

Евгений Журавлев, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:

-1968 жылы туған бір жұмысшы ауыр күйде, біреуінің жағдайы орташа. 2-еуі жеңіл жарақат алды.Олар тез арада 3 қалалық ауруханаға жеткізілді.

 

Апат орын алардың алдында монтаждаушылар шаршы тақталарды ауыстырудың 85 пайызын тындырып үлгерген. 2-ші жылу -энергия орталығы жұмысшыларының арасында зардап шеккен ешкім жоқ. Бұл жөндеу жұмыстарына мердігер ұйым тартылған екен. Энергетиктердің айтуына қарағанда болған оқиғаға құрастырушылардың өздері кінәл.

 

Радий Айтикеев, «СевКазЭнеро” АҚ 2-ЖЭС бас инженері:

-Біздің ойымызша, бұл мердігер тарапынан кеткен қателік. Техникалық қауіпсіздік ережелері ескерілмесе керек. Олар сақтандырғыш арқандар тақпаған.

 

Әзірге, бұл жерде жөндеу уақытша тоқтатылды. Қазір ЖЭС-ның басшылығы жұмысты жалғастыру үшін рұқсат күтуде. Қайғылы оқиғаның себебін арнайы комиссия зерттеп жатыр. Нәтижесі 10 күннен кейін белгілі болады.

 

Берік Қасен