Құқық қорғау органдары

“Бензин” алаяғының торына 4 солтүстікқазақстандық түскен

 

Тәртіп сақшыларына маусым айының сонында алданып қалған азаматтар тарапынан арыздар түсе бастады. Жәбірленушілердің айтуынша алаяқ оларға АИ-92 маркалы жанармайдың талондарын төмен бағамен сатқан. Алайда ақша қолына тиісімен, айлакер ізін суытып отырған. Осылайша 4 адам оның торына түсіп, санын соғып қалды. Полицияның жедел криминалдық тобы іздестіру амалдары барысында Ақмола облысының 26 жастағы тұрғынын қамауға алды. Ол Петропавл қаласындағы таныстарының үйінде тұрып келген екен. Күдікті қылмысын мойындап отыр. Соңғы рет ол 1 тонна жанармайдың талонын беремін деп 65 мың теңгені олжалаған. Жинаған қаржыны сезікті есірткіге жұмсаған. Қазір тәртіп сақшылары оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

 

Майгүл Қажжан