Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылардың XVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиададағы жетістіктері

 

 

Маргарита Мұқашева 800 метр қашықтыққа жүгіруден ресейлік Екатерина Купина мен литвалық спортшы Эглу Балчунайтені шаң қаптырып, 1-ші орынға ие болды. Бұл қашықтықты 1 минут 58,96 секунд уақытпен бағындырған біздің спортшымыз ұлттық рекорд орнатты. Ал солтүстікқазақстандық Евгений Эктов қола медальға қол жеткізді. Жерлесіміз үш секіріп қарғудан мүмкіндігін көрсеткен. Естеріңізге сала кетейік, Универсиадада ел намысын қорғауға өңіріміздің 6 спортшысы аттанған болатын. Ол – жеңілатлеттер Ирина Эктова, Екатерина Эктова, Евгений Эктов және Маргарита Мұқашева. Ал семсерлесу бойынша Виталий Гладков пен балуан қыз Джулия Сатымбековаға зор үміт артылып отыр.

 

Айдана Демесінова