Денсаулық сақтау

Облыс орталығындағы медицина мекемелері қысқа дайындалып жатыр

 

Жылыту маусымына әзірлік жұмыстарын мұндағылар 1-шілдеде аяқтапты. Сөйтіп, арнайы құжат алған. Бұл ауруханадағы жылыту жүйесіне аса күрделі жұмыс жүргізу қажет болмаған. Дегенмен, ұсақ- түйек құбырлар алмастырылып, жуып-шайылған. Сылап-сырлауды да ұмытпапты.

 

Надежда Прокопьева, 1-ші қалалық аурухананың шаруашылық меңгерушісі:

Жылыту маусымына әзірлікті дер кезінде бастадық. Барлық жылу желілерін жылытуды сөндірмей мұқият тексеріп шықтық. Кей құбырларды ауыстыру керек болса, оны қағазға жазып алып отырдық.

 

Ауруханада “Жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жаңа жабдықтар да сатып алынған. Және алда бірнеше медициналық аппарат әкелінеді деп күтілуде. Алдағы уақытта дәрігерлер 5 жас маманмен толықпақ.

 

Галина Мәметова, 1-ші қалалық аурухананың бас дәрігері:

-Біздің аурухананың барлық бөлімшелері күрделі жөндеуден өтті. Жаңа жиһаздар мен құрылғылар алдық. Сондықтан дәрігер көмегіне жүгінушілерге барлық жағдай жасалынған.

 

Жылыту маусымына әзірлік жұмыстарын Петропавлда барлығы 24 денсаулық сақтау мекемесі жүргізуі қажет.

 

Бану Ахметова