МТРА жаңалықтары

Ардагерлер марапатталды

 
 Облыс әкімдігінде өткен  жоғары наградаларды тапсыруға  арналған жиынға ардагерлердің барлығы бірдей қатыса алмады. Ұлы Отан соғысының ардагері Лұқпан Усин осы орденді алу үшін Тахтоброд селосынан келді.   Ақсақалдың кеудесі жауынгерлік орден-медальға толы. Ал өңір басшысы   табыс еткен “Құрмет” ордені – бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір үшін  алғысының белгісі деуге болады.  

 

Лұқпан Усин, Ұлы Отан соғысының ардагері:

-Бүгін «Құрмет» орденін алдым. Маған қымбат.  Бүгін ардагерлерден жалғыз мен ғана алдым. Қуаныштымын.

Өңір басшысы  тағы 2 ақсақалға   «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыс етті. Бұндай құрметке тыл еңбеккерлері Мирослав Нагребецкий пен Жақсылық Ысқақов  ие болды. Бірнеше жерлесіміз Елбасының Құрмет грамотасына ие болды.