Облыс әкімдігінде өткен жоғары наградаларды тапсыруға арналған жиынға ардагерлердің барлығы бірдей қатыса алмады. Ұлы Отан соғысының ардагері Лұқпан Усин осы орденді алу үшін Тахтоброд селосынан келді. Ақсақалдың кеудесі жауынгерлік орден-медальға толы. Ал өңір басшысы табыс еткен “Құрмет” ордені – бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір үшін алғысының белгісі деуге болады.
Лұқпан Усин, Ұлы Отан соғысының ардагері:
-Бүгін «Құрмет» орденін алдым. Маған қымбат. Бүгін ардагерлерден жалғыз мен ғана алдым. Қуаныштымын.
Өңір басшысы тағы 2 ақсақалға «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыс етті. Бұндай құрметке тыл еңбеккерлері Мирослав Нагребецкий пен Жақсылық Ысқақов ие болды. Бірнеше жерлесіміз Елбасының Құрмет грамотасына ие болды.