Ауыл шаруашылығы

Облысқа жұмыс сапарымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков келді

Министр алдымен “Астық СТЕМ” серіктестігінде тындырылып жатқан істермен танысты. Агроқұрылым жер өңдеумен бірге мал шаруашылығын қатар алып жүр. Асылжан Мамытбеков серіктестік қарамағындағы асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырлары мен шетелдік симменталдардың жай-күйін көріп, қыстық мал азығының әзірлігін қарады. Бүгінде шөптің 30 пайызы құлатылған. Сондай-ақ, Асылжан Мамытбеков мұндағы көкөністі тамшылатып суару жүйесімен танысып, заманауи техника мен көкөніс қоймасын тамашалады. Кейін, министр “Агадес” ЖШС құс фабрикасына да соқты. Мұнда жылына 105 млн дана жұмыртқа шығарылады. Ал, “Ильичевка-Астық” серіктестігінде астық қабылдау кәсіпорны салынып жатыр екен. Министр бұның құрылыс барысымен де танысты. Нысан жыл соңында тапсырылады. Асылжан Мамытбеков тайыншалық ауыл еңбеккерлерімен де жүздесіп, шаруа қожалықтарының сауалдарына жауап берді. Асылжан Мамытбеков өңіріміздегі ауыл шаруашылығының дамуына оң бағасын берді.

 

Бұл материалдың толық нұсқасын ертеңгі жаңалықтар топтамасынан көре аласыздар

 

Жеңіс Ермұқанов