ТЖ

Облыс аумағында жыл басынан бері 400-ге жуық өрт оқиғасы болды

 

Өткен айдың алғашқы онкүндігінде өңірде 20 өрт оқиғасы тіркелді. Оның бірнешеуі қала маңындағы “Борки” саяжайшылар қауымдастығында болған. Екі саяжайды белгісіз біреулер жағып жіберген. Енді бір төтенше жағдай жер телімі иелерінің кінәсінән туындаған көрінеді. Олар құрылыс маңында кәуәп дайындамақшы болыпты. Желдің екпінімен от ұшқындары маңайдағы нысанға көшкен. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережесін сақтамаудың кесірінен саяжай түгелімен күйіп кетті. Ал, облыс орталығындағы Астана-Интернационал көшелерінің қиылысында тұрған сауда нүктесі отқа оранған. Саудагердің жұмыс орнында қалдырғын қоқысын белгісіз біреулер тұтатқан. Жамбыл және Мамлют аудан орталықтарында да бірнеше орт оқиғасы орын алды. Мұндағы себеп – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Ал Аққайың ауданының Смирнов елді мекені тұрғындарының абайсыздық танытуынан от 1 тонна шөпті жалмаған.

 

Жеңіс Ермұқанов