Қайырымдылық

Тегін жол жүру билеттері

 

Облыстағы “Ориди” ата-аналар және мүгедек балалар ұйымының 17-і мүшесіне жол жүру билеттері берілді. Енді, олар 1 жыл бойы қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Мұнда мүмкіндікке Раушан Игенова да ие болды.

 

Раушан Игенова, СҚО “ОРИДИ” ата-аналар және мүгедек балалар ұйымының мүшесі:

– Баламды дәрігерлерге жиі қаратуға тура келеді. Жолға үнемі 50 теңгеден төлеу біз үшін оңай емес. Енді, осындай демеудің арқасында қоғамдық көліктерде тегін жүре аламыз. Мен зор ризашылығымды білдіремін.

 

Жол билеттері 2014 жылдың 1-ші сәуіріне дейін жарамды.

 

Галина Семенова, «СҚО автокөлік одағы» ассоциациясының төрайымы:

– Жолаушыларды тасымалдаушылардың барлығы бұл бастамаға бірауыздан қолдау танытты. Сол себепті, мүгедек балалары бар аналарға да көмек көрсетуді ұйғардық. Сондай-ақ, жол жүру билеттерін алғандар шағын автобустарда да тегін жүре алады.

 

750 тегін жол билеті бұған дейін ауған соғысы мен Чернобыль ардагерлеріне, зағип жандарға беріліпті. Енді, мұндай мүмкіндік бірінші рет мүгедек балалары бар аналар үшін де жасалған. Бұл мақсатқа барлығы 50 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған екен.

 

Бану Ахметова