Құқық қорғау органдары

Телефон терроризмі үшін қатаң жаза қолданылады

 

Төтенше жағдай үстіміздегі жылы наурыз айының 22-нде болған. Мас күйдегі қыз өзін аудандық полиция бөліміне екі рет қоңыра шалып, өзін Мәдина деп таныстырған. Ол бірінші наубайхана жанында адам мүрдесінің жатқанын айтып, кейін  “А7” мейрамханасына жарылғыш заттың қойылғанын хабарлады. Оқиға орнына шұғыл әрекет ету қызметінің мамандары шығады. Бірақ, мәлімет расталған жоқ. Телефон лаңкесіне қатысты ҚР ҚК 242-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын. Ал, айыпталушы, өзінің мұндай іс-әерекетін түсіндіре алмады.

Жалпы, жыл басынан өңірде жарылғыш зат туралы 3 жалған хабар тарату фактісі тіркелді. Оның екеуін кәмелетке толмаған жеткіншектер таратқан.

ІІД қызметкерлері отпен ойнауға балмайтынын тағы да ескертеді. Бетке ұстар, айбынды азаматтарымыздың ар-ожданына кір келтіргендер міндетті түрде айыпталады. 200 тіпті 500 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салынады. 7 жыл жүріп-тұруы қатаң бақылауға алынады немесе 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

 

Берік Қасен