Қоғам

Этномәдени орталықтар тәжірибе бөлісті

 

Марина Полтавец жетекшілік ететін Власовка селосындағы «Мрия» этно-мәдени орталығы ауданда өтетін түрлі шаралардан қалыс қалып көрген емес. Ұйымның төрайымы мемлекеттік мерекелерді ел болып атап, Бауырсақ тойын тойлаймыз дейді. Олар өздерінің әдет-ғұрыптарын ғана паш етіп қоймай, қазақ халқының да салт-дәстүрін үйренеді екен.

 

Марина Полтавец, «Мрия» этно-мәдени орталығының төрайымы, Аққайың ауданы:

-«Мрия» украин тілінен аударғанда армандау деген мағынаны білдіреді. Менде елімізде әрқашан татулық, бірлік болсын деп армандаймын. Қазақстанның мызғымас достығы – өзгеге үлгі.

 

Жиында өзге аудан өкілдері де этносаралық татулықты нығайтудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Наталья Хан, «Ассамблея» СҚКҚ директорының міндетін атқарушы:

-Ассамблея этносаралық қарым-қатынасты реттеп, жүйелеп отыратын орган болып табылады. Біз барлық облыс бойынша жағдайды зерттеп, бақылап отырамыз. Жалпы, елімізде ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті бірлікте тұруы көңілге қуаныш ұялатады.

 

Жиында этно-мәдени бірлестік өкілдері атқарылған істі саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 

Мағжан Ахмадина